Негізгі Жаңалықтар Құрылыс саласында шыңдалған шебер

Құрылыс саласында шыңдалған шебер

#qyzylordatv 

Темірдің тілін тауып, металдың мәнін білген маман. Қызылордалық шебер Ринат Мұратбекұлын әріптестері осылай суреттейді. Себебі ол жастығына қарамастан өз саласының үздігі. Ринат жасаған пластикалық есік, терезелер бүгінде облыс орталығындағы жаңа тұрғын үйлерге сән беріп тұр. Құрылысшылар мерекесі қарсаңында біздің түсіруші топ өз ісінің шеберімен тілдесіп қайтты.    


 Сақылдаған станокпен жұмыс істеу аса ыждағаттылықты талап етеді. Бір қате бүкіл еңбегіңді еш етуі мүмкін. Шыңдалған шебер Ринат Мұратбекұлы мұны жақсы түсінеді. Сондықтан әрбір тапсырысқа асқан жауапкершілікпен қарайды. Демек, оның қолынан шыққан бұйымдар жылылық пен сәннің нағыз үйлесімі.   


РИНАТ МҰРАТБЕКҰЛЫ – ПЛАСТИКАЛЫҚ ЦЕХ ШЕБЕРІ  

 Еңбек жолымды 2008 жылы қарапайым жұмысшы ретінде бастадым. Ал, 2015 жылы осы цех ашылғанда пластик терезелер мен есіктер ді дайындау маманы болу үшін арнайы оқып, біліктілік алдым. Жұмыс күнім таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін созылады...


 Бұл цехта жасалған есік, терезелер тікелей қаладағы құрылыс нысандарына жөнелтіледі. Әсіресе, масадан қорғайтын торлы терезелерге сұраныс жоғары екен. Кейіпкеріміз көпбалалы әке. Бүгінде 5 ұл-қыз өсіріп отыр. Жарасымды жанұяның тірегі ретінде әр шаңыраққа сапалы тауар ұсыну міндетім, дейді. Ал, оның бұл адалдығына әріптестері де таңдана қарайды. 


 РУСЛАН ЖҮНІСҚҰЛОВ – УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ 

 Ринатпен 2008 жылдан бері бірге жұмыс істеп келемін. Оны менің шәкіртім деуге болады. Оның жұмысқа өте жауапкершілікпен, ептілікпен және мұқият қарайтынын бірден байқап, оған терезе маманы болуға оқуды ұсындым. Ол керемет маманға айналды...


 Бүгінде Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. Саладағы өнімділік көрсеткіші бойынша аймағымыз ең үздік үш өңірдің қатарына еніп отыр. Бұл өздігінен келген көрсеткіш емес. Ринат секілді өз жұмысының ретін білетін кәсіби мамандар еңбегінің нәтижесі. 

Бөлісу