Негізгі Жаңалықтар Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

#qyzylordatv #заңментәртіп 

Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Арал ауданының тұрғындарымен кездесті. «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы жиында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   


Атап айтсақ, қаржы пирамидаларының белгілері, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және күмәнді инвестициялық жобалардан сақтану жолдары айтылды. Сондай-ақ қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтықтан қорғану жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге және заңсыз әрекеттерге ұшыраған жағдайда құзырлы органдарға хабарласу керектігі ескертілді. 


Бөлісу