Негізгі Жаңалықтар Білім сапасы бақылауда

Білім сапасы бақылауда

#qyzylordatv 

Аймақта бірінші жартыжылдықта білім беру мекемелері мен бес маусымдық балалар лагері лицензия алды. Бұл туралы облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мәди Бекмағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.


 Алты ай ішінде департамент мамандары лицензия беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі 34 өтінімді қарастырды. Нәтижесінде 24 өтінім мақұлданып, 10-ы қабылданбады. Сондай-ақ, білім беру сапасын мемлекеттік бақылау жұмыстары жалғасуда. Мектепке дейінгі мекемелер аттестациядан өткізіліп, білім беру бөлімдері тексерілді. Мектептегі ішкі бақылау жүйесі мен оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу шаралары іске асырылды. Атап айтсақ, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу облыс бойынша 88 мектепте өткізіліп 5710 оқушы қатысты. Сонымен қатар, білім туралы құжаттарға апостиль қоюға қатысты 48 өтінім қаралып, олардың 38-і бойынша оң шешім қабылданды.


МӘДИ БЕКМАҒАНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша білім беру ұйымдарынан барлығы - 34 өтініш тіркелген, оның ішінде, лицензия және лицензияға қосымшасын алуға 26 өтініш, лицензия және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге 8 өтініш берілген. Алты айда тіркелген 34 өтініштің 24-і қанағаттандырылып, 10 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Екі бас лицензия берілді. 14 лицензияға қосымша берілді. 8 лицензия және лицензияға қосымша қайта рәсімделді. 

Бөлісу