Негізгі Жаңалықтар ЖИ арқылы онкологиялық аурулар ерте анықталады

ЖИ арқылы онкологиялық аурулар ерте анықталады

#qyzylordatv 

Енді Қызылордада жаңа IT орталық болады. Онда IT стартаптарды дамытып, жасанды интеллект бағытында маман даярлауға жағдай жасалады. Сондай-ақ, аймақтағы 21 медициналық ұйымға биылдан бастап жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтау технологиясы енгізілді. 


Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Бүгінде бірқатар сала жасанды интеллект игілігін тиімді пайдаланып отыр. Соның ішінде, құқық қорғау саласында жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып жатыр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі 7 аудан орталығы мен Байқоңыр және Қызылорда аумағында 2100 бейнебақылау камерасы, 150 жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 80 интеллектуалды қиылыс құрылғысы, 9 жедел басқару орталығы қайта жаңғыртылды. Одан бөлек 10 дронның көмегімен құқықбұзушылықтарды анықтау, қауіп-қатердің алдын алу жұмысы жүргізілуде.


 СӘБИТ ИБАДУЛЛА – ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

10 дрон жол ережесінің құқықбұзушылығын анықтаудан бөлек, өрт кезінде өрт сөндірушілерге де көмегін тигізуде. Тепловизор арқылы ұшып барып, өрттің қай жағынан қатты жанып жатқынан тепловизормен көріп өрт сөндірушілерге ақпарат береді. +Және одан бөлек суға түсуге қауіпті кезең. Соған сәйкес дрондардың көмегімен МЧС, Чс-пен жұмыс жасап, суға түсуге болмайтын жерлерге дроондар ұшып, балдардың өз бетінше суға түсуін анықтап, алдын ала көріп, сол жерге полиция жіберіп, жұмысты атқарып отыр.


Жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізу үшін білікті кадрларды дайындау бағытында да жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта өңірде 2023 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы Жасанды интеллект институты ашылды. Бүгінде институтта 240 студент білім алып жатыр.  

Бөлісу