Негізгі Жаңалықтар 28 миллиард теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды

28 миллиард теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықталды

#qyzylordatv 

Жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысында жалпы сомасы 28 миллиард теңгеден асатын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті хабарлады.


 Алты ай ішінде департамент мамандары 43 аудиторлық тексеру жүргізді. Тексерілген әрбір мекемеде олқылықтар анықталды. Атап айтқанда, бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу ережелерін және бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін сақтамау жағдайлары тіркелді. 


ЕРБОЛ КҮЗЕМБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

28 млрд 430 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтардың 27 млрд 600 миллион теңгесі бюджетке өтелді және жұмыстар орындау жолымен қалпына келтірілді. Қалған 834 миллион теңге бойынша сот процестері, сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары, сот орындаушыларына беру және тағы басқа шаралар жүруде. 

Бөлісу