Негізгі Жаңалықтар Құрыш қолды келіншектер

Құрыш қолды келіншектер

#qyzylordatv 

Қазалы ауданында соңғы жылдары құрылыс қарқын алды. Бірқатар әлеуметтік нысан бой көтеріп, жол жөнделуде. Әрине, ел игілігі үшін салынып жатқан нысандарда құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы бар. Соның ішінде ерлермен бірге иық тіресе еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің орны ерек. Біздің келесі бейнематериалымыз темір тоқуды меңгерген нәзік жанды құрылысшылар туралы болмақ. 


ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ 

Темірден түйін түйіп, арматура тоқу оңай іс емес екен. Әрине ең бірінші қолдың ептілігі, ширақтық, шеберлік қажет. Ал, біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз жаны нәзік болсада ерлермен қатар осындай тірлікті ұршықша иіріп отыр


 Дәмегүл Тілепбайқызының құрылыс саласында жүргеніне 15 жылдан асыпты. Әйел кісі демесеңіз қимылы ширақ, жанындағы жігіттерден жылдам жұмыс істейді. Құрылысшы келіншектің өмірлік серігі де осы салада. Екеуі жұмысқа бірге келіп, бірге қайтады. Төрт бала тәрбиелеп отыр. 


 ДӘМЕГҮЛ МАДИЯР, АРМАТУРШЫ 

осындай каркас тар құрастырамыз. Бірінші размерін алып, қиып аламыз, осыны байлаймыз, бетоншиктер құяды сосын. Өзіме ұнайды жұмысым. Бізге айтады ауыр емес арматурамен жұмыс жасау қиын емес па деп. Бізге қиын емес, каркас құру тігіншілік сияқтығой размерін келтіріп дегендей


Ал, Бағдагүл Нысанбаева 35 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Мектеп бітіре салысымен Қазалы темірбетон шығару зауытына жұмысқа келген ол бүгінде өз ісінің нағыз шебері. Ұзын арматураларды өлшеміне қарай кесіп, дәнекерлейді. Өзіне тапсырылған тірлікті аяқтап болса арматура тоқу, бетон құю жұмыстарын да істей береді. 


 БАҒДАГҮЛ НЫСАНБАЕВА, АРМАТУРШЫ

свай деген изделияның артындағы сеткасы, осыны дайындаймыз. Сосын свайды тоқимыз. Үйлердің төбесіне салатын плита дейдіғой соның сеткасын басамыз. Бірыңғай темірмен жұмыс істейміз.Қолымыз еркек адамның қолындай десекте болады, қанша дегенмен әйелмізғой бірақ қолымыз қатайып қалған. Отбасымызды осымен асырап отырмыз \



Біздің келесі кейіпкеріміз тонналған жүкті көтеріп, вагонға тиеп жауапты жұмыстың жүгін арқалап жүрген «краншы апа» Мейрамкүл Жұмабекова. Ол осы зауытта отыз жылдан бері жұмыс істейді. «Сырт көзге қарағанда кран басқару оңай сияқты көрінеді. Бірақ мойныңда үлкен жауапкершілік бар. Ең бастысы қауіпсіздікті сақтау керек дейді .


МЕЙРАМКҮЛ ЖҰМАБЕКОВА, КРАНШЫ \қиын кран жұмысы, жауапты жұмыс. 10 тонна оданда жоғары салмақты көтереміз. Әйел адамға ауыр болсада осы жұмысті істеп жатырмыз. Үш қызымды асырап, бағып отырмын 


Зауытта жетпіске жуық жұмысшы болса, соның оннан астамы қыз-келіншек. Өндіріс орнынан 300 түрлі темір бетон өнімі шығады. Құрылыс материалдары Қызылорда облысынан бөлек еліміздің бірқатар аймақтарына жіберілуде. Мұның бәрі әрине, құрыш қолды құрылысшылардың арқасы. 

Бөлісу