Негізгі Жаңалықтар Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

#qyzylordatv #тазақазақстан 

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Әрбір тұрғын заң талаптарын сақтап, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуы қажет. Осыны ұран еткен аралдықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасына үлес қосып келеді. 

 

Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында көп функционалды көлік жұмыс істеуде. Заманауи техника көшелерді тазарту жұмыстарына тартылып, коммуналдық қызметтің тиімділігі артып келеді. 

Сондай-ақ Арал қаласының аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандардың аулалары және оған іргелес аумақтарының санитарлық жағдайы тексерілді. Тұрғындарға қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, аумақтарды таза ұстау, заңсыз нысандарды өз еркімен алып тастау жөнінде ескерту берілді. Орталық базар аумағында рейдтік шаралар жүргізіліп белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасаған кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жасалды.

Бөлісу