Негізгі Жаңалықтар Халықаралық жастар мерекесі тойланады

Халықаралық жастар мерекесі тойланады

#qyzylordatv 

Он екінші тамыз – халықаралық жастар күні. Атаулы мерекеге орай аймақта біршама ауқымды іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов Қорқыт ата мемориалды аллеясында жастармен жүздесу кешінде хабарлады. 


 Биылғы мерекелік шаралар мемлекеттің басты құжаты – Конституцияның күшіне енуі мен Құрылтай сайлауына орайластырылып өткізілмек. Осы ретте «Жастармен бірге!» атты арнайы көпшілік акция ұйымдастырылмақ. Жалпы, бір апталық мерекелік шаралар аясында 50 мыңнан астам өңір тұрғындары қамтылады деп жоспарланып отыр. Әр күнге белгілі бір тақырыптар белгіленген. Мәселен, хәкім Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында әдеби кеш өткізілсе, жаңа технологияны дәріптеу тұрғысында IT оқыту сабақтары ұйымдастырылмақ. Мұнан бөлек, жастарға мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында ашық есік күні өтеді.    


 РУСЛАН КАЮПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

 6 тамызда жасанды интеллект бойынша жарыстар мен тәжірибелік семинар өтті. Ал бүгін экологиялық шара мен волейбол турнирі ұйымдастырылды. Содан соң 8 тамызда ашық аспан астында «Жайдарман» кубогы өтеді, ал 11 тамызда ұлттық дебат турниріне кезек берілмек... 


Бөлісу