Негізгі Жаңалықтар «Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы өтті

«Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы өтті

#qyzylordatv 

1-7 тамыз аралығында еліміздегі барлық денсаулық сақтау ұйымдарында «Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы өтті. Мақсат – жаңадан босанған келіншектерге сәбиді ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығын түсіндіру және ана мен бала денсаулығын жақсарту. 


 «Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы аясындағы қаладағы №3 емханада іс-шара ұйымдастырылды. Дәрігерлер жас аналармен кездесіп, нәрестелердің алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректену керектігін және жүкті, бала емізетін әйелдерге дұрыс тамақтанудың маңызы туралы айтты. Сонымен қатар, барлық қатысушылар ана сүтіне қатысты «Дұрыс па, бұрыс па?» форматындағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. 


Бөлісу