Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
#qyzylordatv
Жоғары оқу орындарында білім алуға мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығындағы ұзақ мерзімді сұранысты ескере отырып қалыптастырылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінген. Сондай-ақ өңірлерді кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында "Серпін" жобасы аясында 2 мыңнан астам грант Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарына бөлінді.
Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы.Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталған. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды.