Негізгі Жаңалықтар Қазалы: Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?

Қазалы: Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?

#qyzylordatv 

Құрылтай сайлауында Қазалы ауданы бойынша 39 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Сайлау комиссиясының мүшелері қазір барлық учаскелерді аралап, дайындық жұмыстарын пысықтауда.  


39 сайлау учаскесінің 14-і Әйтеке би кентінде, үшеуі Қазалы қаласында, қалғаны ауылдық округтерде жұмыс істейді. Биыл ауданда дауыс берушілер санының артуына байланысты жаңадан 1 сайлау учаскесі құрылды. Ол кенттегі жаңадан ашылған №288 орта мектепте орналасқан. Қазалыда сайлауға қатысатын 1126 мүгедектігі бар азамат есепке алынған. Саяси шара күні оларға 12 инватакси қызмет көрсетеді. Айта кету керек, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері бүгіннен бастап 12 тамызға дейін азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету үшін шақыру қағаздарын таратады. 


НҰРЛАН АМАНБАЙ, АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

Барлық учаскелер сайлау науқанына дайын, материалдық жабдықтармен қамтылған. Ешқандай мәселе жоқ. Алыстағы сайлау учаскелерде елді мекендерге тасымал жәшіктерімен барып дауыс алады. Мүмкіндіктің бәрі қарастырылған. Бізде ауданда 47515 дауыс беруші кеше 2 тамызда нақтыланды

Бөлісу