Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу дерегі анықталды
#qyzylordatv
Облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мамандары мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде кейбір қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асыру фактілері анықталып отыр.
Аталған деректер бойынша тиісті мекемелереге 21 нұсқама берілсе, оның 19-ы белгіленген мерзімінде орындалған. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзған бір кәсіпорынға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен 275 240 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Атап өту керек, департамент екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі - бәсекелестікті қорғау яғни монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу болса, екіншісі - тауар нарықтарына талдау жүргізу, бизнеске жасалатын кедергілерді жою.
ДАМИР ТОҚЖАНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Есепті кезеңде нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар болуы туралы 3 хабарлама шығарылды. Үшеуі де толық көлемде орындалды....