Күріштің шығымы қандай?
#qyzylordatv
Аймақта тамыз айының үшінші онкүндігінде күріш ору науқаны басталады. Егіске ерте көктемнен кіріскен оңтүстік аудандардағы шаруалар суды байлап, алқаптың кепкенін күтіп отыр. Ырзық несібесін жерден жинаған диқандар үшін вегетациялық кезең қалай болды? Күріштің шығымы қандай? Тақырыпты егіс басынан келген тілшіміз Әкімжан Жолтаев тарқатады.
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ
Дәл қазіргі сәтте егіс басында мүлгіген тыныштық. Күрішті үстеп қоректендіру, тыңайтқыш себу жұмыстары аяқталған. Енді диқандар дақылдың басы сарғайып, пісуге аз уақыт қалғанда атызды жауып, суды байлау жұмыстарына кіріседі
Ала жаздай атыз жағалап, бел жазбай еңбек еткен «Мағжан и к» серіктестігінің шаруалары биыл күріштің шығымы жақсы,-дейді. Себебі, сырдариялық диқандар жерді лазерлік тегістеуден өткізіп, сапалы тұқым еккен, мерзімінде су беріп, тыңайтқыш сепкен. Ендігі міндет, дақылды ауруға шалдықтармай бақылауда ұстау керек.
ЖАРҚЫНБЕК ЕРМАҒАНБЕТОВ, КҮРІШШІ
Күнде сағат алтыда келеміз күн қызам дегенше аралаймыз. Суын көреміз, ауру сырқау болып қалама деп әр жерін көреміз. Күріштің ауруы осындай уақытта басталады бас ала бастаған кезде. Дер кезінде алдын алып күніге екі мезгіл қарап отырамыз. Ауру, сырқауы болса главный агрономға айтып, көрсетеміз. ...
Иә, күрішке де баладай бап, ерекше күтім керек. Жерді жырттым, тұқым септім, суардым деген болмайды. Ораққа түсіп, қамбаға құям дегенше тыным жоқ.
ЖАРҚЫНБЕК ЕРМАҒАНБЕТОВ, КҮРІШШІ
Күріштің әр сабағын алып, дәнін санаймыз. Содан есептейміз. Біздікі әлі санаққа келмей жатыр, асты көктеу болып тұр. Шамалы сабағы толады сосын санаймыз. Жаман емес сияқты негізі. Лидер сортын еккенбіз. Бұл күріштің шыққанына 96-97 күндей болып қалды. Негізі 110 күнде піседі...
Облыс бойынша биыл күріш көлемі өткен жылға қарағанда 10 мың 900 гектарға аз егілді. Есесіне суды аз қажет ететін майлы және дәнді дақылдарға басымдық берілуде. Мамандар вегетациялық кезең жоспарға сәйкес өтіп жатыр, шаруашылықтар тіршілік нәрінен тапшылық көрген жоқ. Қазіргі күні облысқа бөлінген 3,2 млрд текше метр судың 2,4 млрды егістік алқаптарына берілді, - дейді.
АСЫЛЖАН ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Былтырғы жылмен салыстырғанда вегетациялық кезең жоспарға сәйкес тұрақты атқарылуда. Бұл мәселе тұрақты бақылауда. ...
Сыр салысы негізі 100-110 күннің ішінде бас алып, піседі. Мамандар облыс бойынша егілген 70 мың гектар күріштің 90 пайызы жақсы жағдайда деп отыр. Бұйырса тамыз айының үшінші онкүндігінен бастап Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы кейбір шаруашылықтар ору науқанына білек сыбана кіріспек.