Лифт ішінде пранк жасаған тұрғын жазаланды
#qyzylordatv
Қызылорда ғимараттарының бірінде лифтіде сөзге келіп қалғандардың әрекеті төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осындай келеңсіздікті анықтады.
Олар осы әрекетімен лифтідегі басқа адамдарға қауіп төндірген. Бейнежазбаның соңында азаматтар бұл әрекеттің пранк екенін айтқан. Аталған дерек бойынша 20 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, сот шешімімен оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Полиция мұндай орынсыз әзілдер заңға қайшы екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтап, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға үндеді.