Негізгі Жаңалықтар «Ішімдіксіз ауыл»: 50-ге жуық ауыл алкогольден бас тартты

«Ішімдіксіз ауыл»: 50-ге жуық ауыл алкогольден бас тартты

#qyzylordatv #заңментәртіп 

Аймақта «Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында 50-ге жуық елдімекен алкоголь өнімін сатудан бас тартты. Бастаманы жергілікті тұрғындармен қатар кәсіпкерлер де қолдап отыр. Құқық қорғау органдарының өкілдері игі шара зиянды әдетпен күресуге ғана емес, қылмыс деңгейін төмендетуге де ықпал ететінін атап өтті.


 «Ішімдіксіз ауыл» қатарына қосылу мүмкіндігі Қараөзек ауылында да талқыланды. Полиция және прокуратура өкілдері тұрғындармен кездесіп, бастаманың тиімділігімен қатар, қылмыстық ахуалға деген әсері туралы ақпарат берілді. Құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, ішімдіктен бас тартқан елді мекендерде қылмыс деңгейі 70-80 пайызға төмендеген.


СӘКЕН АБДУЛАЗИЗ – ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша жалпы қылмыстылық 10,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде масаң күйде жасалған қылмыс 3,7 пайызға азайған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға деген белсенділігінің нәтижесі.


Жергілікті кәсіпкерлер де ащы судан бас тарту идеясын қолдап отыр. Айталық, Қараөзек ауылындағы дүкенде алкоголь ғана емес, шылым да сатылмайды.


 АЙЖАН ҚАЙМОЛДАЕВА – КӘСІПКЕР

Осы Қарөзек стансасында дүкенім бар. Он жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Магазинде ішімдік сатпаймыз. Қылмыстық жағдайлар болып жатады, сол себептен ішімдік сатпаймыз деп шешіп. Азық түлікпен жақсы саудамыз болып жатыр.Насыбайды сатпаймыз.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар