Уран өндіруші компанияның 20 жылдығы аталып өтті
#qyzylordatv
Еліміздегі уран өндіретін ірі компания «Semizbai-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына биыл - 20 жыл. Шиелі ауданында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған кәсіпорынның мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шарада атом саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарында және әлемдегі уран қорының 40 пайызы ел аумағында орналасқан. Бүгінде елімізде уран өндірумен «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «Semizbai-Ю» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Мекемеге қарасты екі кеніш жұмыс істейді. Оның бірі Солтүстік Қазақстан облысындағы «Semizbai», екіншісі Шиелі ауданындағы «Иіркөл» кеніші.
БІРЖАН САТАНОВ, «SEMIZBAI-U» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ Мекемеміз 20 жыл бойы уран өндірумен айналысуда. Оны экологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қауіпсіз түрде екі облысымыздың өркендеуіне атсалысып отыр. Биылғы жылға алдымызда тұрған мақсатымыз 700 тоннаға жуық уран шығару. 20 жыл бойы мыңға жуық тонна уран беріп отырдық
«Semizbai-Ю» серіктестігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, «Kazatomprom» ұлттық компаниясының қолдауымен облыс орталығында құны 3 млрд 800 млн теңгені құрайтын «Достық үйі» салынса, Шиелі ауданында «Мейірім» орталығы ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта Бәйтерек ауылдық округінде құны 622 млн теңгені құрайтын заманауи спорт кешенін бой көтермек. Бұл жоба бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болмақ.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ, АУДАН ӘКІМІ
Осындай ауқымды бастамалар «Қазатомөнеркәсіптің» өндірістік қызметпен қатар, өңірлердің әлеуметтік дамуына да айрықша мән беретінін көрсетеді. Бүгінде «Семізбай-U» ЖШС-не қарасты “Иіркөл” филиалы өңірдегі ірі өндірістік құрылымдармен тығыз әрі тиімді байланыс орнатқан. Кәсіпорындар арасындағы өзара әріптестік өндірістік үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тәжірибе алмасуға, озық технологиялар мен тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуге жол ашып отыр\
Бүгінде «Semizbai-Ю» мекемесіне қарасты «Иіркөл» кенішінде 240 адам жұмыс істейді. Солардың бірі Бақыт Ыбыраев. Уран өндіру ісінің үздігі салтанатты шарада бірінші дәрежелі «Алтын» медальмен марапатталды.
Кеніш басында ерлермен қатар еңбек етіп жүрген Назира Досмағанбетова да құрмет төрінен көрінді. Барлау жұмыстарын жүргізетін тәжірибелі геолог бұл марапат ұзақ жылғы еңбегімнің жемісі,-дейді.
Кеште атом саласының ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. Соның ішінде «Иіркөл» кенішінің бірінші директоры Әшім Оразбекұлы бар. Кеніштің қазығын қадап, құрылыс жұмыстарын жүргізген, алғашқы уран өндіруге басшылық жасаған азаматқа «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды.
«Semizbai-U» мекемесінің 20 жылдық мерейтойы орталық алаңда жалғасты. Салтанатты шараға «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен «Semizbay-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Біржан Сатанов кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғысын жеткізді. Ашық аспан астындағы мерекелік концертке жергілікті өнерпаздарымен қатар эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы мен Қайрат Түнтеков қатысып, көпшіліке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.