Құрылтай сайлауы: Әмірліктерде 2 дауыс беру учаскесі ашылады
#qyzylordatv
Құрылтай сайлауы күні Біріккен Араб Әмірліктерінде екі дауыс беру учаскесі ашылады. Оның біріншісі Абу Дабиде, екіншісі Дубайда орналасқан. Яғни өзге елде жүрген отандастарымыз саяси науқанға қатысып, таңдау жасай алады.
Шетелде азаматтық позициясын білдіруге ниеттілердің саны көп. Елшілік пен консулдыққа хабарласып, ресми тіркеуге тұрып жатыр. ШЫҒАНАҚ жеріне жұмыс бабымен немесе саяхаттап келген барлық қазақстандық ресми тіркеуде болмаса да сайлауға қатысуға құқылы. Ол үшін төлқұжат не жеке куәлік болса жеткілікті. Бастысы, мерзімі өтпеген болуы тиіс. Елшілік ақпаратынша, қазір консулдық есепте 400-ге жуық Қазақстан азаматы бар.
ШЫНАР ЖҰМАТАЕВА – ҚР БАӘ-ДЕГІ ЕЛШІЛІГІНІҢ №447 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі уақытта Абу Дабидегі Қазақстан елшілігінің консулдық есебінде 215 азамат, Дубай қаласындағы бас консулдықтың консулдық есебінде 150 азаматымыз тіркелген. Алайда өздеріңіз білесіздер, тамыз айы - демалыс айларының бірі. Осы орайда әмірліктер аумағында өз демалыстарын өткізіп жатқан отандастырымыз да баршылық. Сол отандастарымызға айтарымыз, 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын бірге таңдап, ел болашағына үлес қосайық.
ДАНИЯР РАИСОВ - ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ
Дубайда жұмыс жасап жүргеніме 6 жыл уақыт болды. Жұмыс уақытыма қарамастан, алдағы болатын 23-і күнгі Құрылтай сайлауына қатысып, ел дамуына атсалысып, өз дауысымды бергім келеді.