Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі бас мүфтиді қабылдады

Облыс әкімі бас мүфтиді қабылдады

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесуде өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау және діни ахуалды одан әрі жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.


 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде небәрі 14 мешіт болса, бүгінде олардың саны 195-ке жетті. Бұдан бөлек, облыста 6 мешіттің құрылысы жүруде. Олардың үшеуі бір мезетте мыңға жуық адамды қабылдай алады. Сонымен қатар, Арал ауданы мен Байқоңыр қаласында салынып жатқан екі ғибадат үйі де жақын күндері ел игілігіне табысталады. «Бүгінде әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала, аудан және шалғай елді мекендердегі тұрғындар арасында жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Екі тараптың бірлескен оң бастамалары қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, егемен еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға берік негіз болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Бас мүфти діни тұрақтылықты сақтаудағы жұмыстарға оң бағасын беріп, бірлескен бастамалар үшін ризашылығын білдірді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар