Мектеп жәрмеңкесі: Тиімді баға, жоғары сапа
#qyzylordatv
Мектепке қажет сапалы тауарлар мен тиімді бағалар мекенін білесіз бе? «Татыран» компаниясы жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырып, дәптерден бастап, ең қажетті құрал-жабдықтарды 50 пайызға дейін арзан бағада ұсынуда.
Эльмира Достиярова Сырдария ауданының тұрғыны. Көпбалалы ана ұл-қызының қажетін қамдау үшін облыс орталығына арнайы келіпті. Асықпай аралап, базар бағамын бақылаған ана ең тиімді баға – «Татыранда» екеніне көзі жеткенін айтады.
ЭЛЬМИРА ДОСТИЯРОВА – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Базарды көріп шығып тұрмын, өте қымбат, қолжетімсіз болып тұр. Мында «Татыран» деген ата-анаға өте тиімді бағада 50 пайыз базардан арзан. Көп балалы аналарға тиімді деп айтар едім
«Татыран» компаниясы кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті құралдарды осыған дейін көршілес Ресей мен Еуропа елдерінен әкелетін. Ал өткен жылдан бастап Қытай нарығына еркін енді. Яғни, тауарды тікелей зауыттан алып, ешқандай делдалсыз Қызылордаға жеткізіп отыр. Тиісінше, нарықтық өлшемнен бағасы әлдеқайда арзан. Мәселен, сөмкелер 1850 теңгеден басталса, түрлі түсті бояғыштар 260 теңгеден сатылуда.
СҰЛТАНБЕК ЖҰБАТХАНОВ – «ТАТЫРАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
Жәрмеңкелер қала аумағында 3 жерде орналасқан. Оның бірі осы Қорқыт ата саябағында болса, екіншісі қалалық мәдениет үйінің автотұрағында орналасқан, ал үшіншісі ескі базар аумағындағы Аль-асад сауда үйінің қапталында орналасқан. Әр жәрмеңкенің өзінің бір жеңілдіктері бар. Мысалға, бір жәрмеңкеде белгілі бір көлемде сауда жасаса, мектеп сөмкесі тегін берілсе, екінші жәрмеңкеде белгілі бір көлемде сауда жасаса, дәптер тегін беріледі
Жалпы, «Татыранда» 5 мың түрлі тауар бар. Олар нарық бағасынан арзан бола тұра арнайы маусымдық жеңілдік те қарастырылған.
НАЗИРА ӘБДІРАЗАҚОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Халыққа қол жетімді бағада, 15 мыңға сауда жасасақ, 50 дәптер тегін беріледі екен. Оның өзі пайда балаларға. Осы жерде тек дәптер ғана емес, мектепке қажетті оқу құралдары, сөмкелер базар бағамынан едәуір арзан екен
Бір сөзбен мұнда баға да, сапа да тиімді. Айта кетейік, облыс орталығында оныншы тамызда басталған жәрмеңке бесінші қыркүйекке дейін жалғаспақ.