Футболды дамыту мәселелері талқыланды
#qyzylordatv
Облыс әкімі Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Манн Скотты қабылдады. Кездесуде аймақ спортын, соның ішінде футболды дамыту мәселесі талқыланды.
Облыста соңғы төрт жылда 27 спорт нысаны салынып, пайдалануға берілді. Соның ішінде Президент тапсырмасымен салынған 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионын ерекше атап өткен жөн. Тағы бір ауқымды жоба, қалада аумағы 25 мың шаршы метр болатын «Қызылорда Арена» спорт кешені бой көтеруде. Мұнан бөлек, «Қайсар» футбол клубының заманауи базасы мен академиясы салынып жатыр. Бұл нысандар балалар мен жасөспірімдер футболын дамытып, Сыр өңірінен үздік аяқдопшылардың тәрбиеленіп шығуына үлкен мүмкіндік береді. Кездесуде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Манн Скотқа өңір футболын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.