Негізгі Жаңалықтар «Мектепке жол» акциясы өтуде

«Мектепке жол» акциясы өтуде

#qyzylordatv 

Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Қызылордада Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен осындай шараның бірі болды. 


 ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ 

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күн қалды. Оқушылар үшін ең алдымен мектепке қажетті құрал-жабдықтардың түгел болуы маызды. Осы мақсатта ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры жыл сайын «Мектепке жол» акциясына ерекше үлес қосып келеді. Биыл да қордың облыс бойынша өкілдігі 2 мыңға жуық көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыға дәл осындай мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді табыстамақ. Игі шара алдағы уақытта аудан-ауылдар да жалғасады.


 Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін қайырымдылық акциясының алғашқы легі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінен бастау алды. Игі шараға Бас мүфти арнайы қатысып, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ұл-қыздарына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған 200 сөмкені табыстады. 


 НАУРЫЗБАЙ ӨТПЕНОВ – ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ 

Биыл біз республика бойынша 30 мыңға жуық балаларымызды мектепке дайындап жатырмыз. Соның бірі – Сыр өңірінде алғаш рет мектепке баратын балаларымызға қолдау көрсетіп жатырмыз. Бұл шара әрі қарай жалғасатын болады. Қайырымдылық акциямызға жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мешіт имамдары қолдау білдіріп жатыр. Балаларымыз білімді болсын. Қаладан басталып жатқан шарамыз облыс көлемінде жалғасатын болады.


ЖЕТЕС ТӘЖІБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Зағиптар қоғамынан келіп тұрмын. Бізде 1,2,3-ші топ көз мүгедектері қоғамда тіркеуде тұрады. Солардың балаларына жылда оқу құралдарын беріп тұрады. Үлкен алғысымызды білдіреміз.


 «Мектепке жол» акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар