Негізгі Жаңалықтар Күкірт қышқылы зауытында жылына 500 мың тонна өнім өндірілуде

Күкірт қышқылы зауытында жылына 500 мың тонна өнім өндірілуде

#qyzylordatv 

Ел экономикасында өзіндік орны бар СКЗ-U күкірт қышқылы зауыты жылына 500 мың тоннаға дейін өнім өндіреді. Өндіріс орнындағы технологиялық процестер қалай жүргізілуде? Атом саласы қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысы қандай? Зауыттағы қауырт тіршілікпен танысқан тілшіміз Айдана Жұмадинова баяндайды.


Еліміздің табиғи уран мен оның қосылыстарының экспорты мен импорты жөніндегі ұлттық операторы – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы акционерлік қоғамы. Ол – әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші компания. Ал осы уран өндіру процесіндегі негізгі технологиялық реагент күкірт қышқылы болып саналады. Бүгінде Қызылорда облысында орналасқан СКЗ-U күкірт қышқылы зауыты компанияға қарасты кәсіпорындарды өніммен қамтамасыз етуде.  

Өндірістік аймаққа кірместен бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысып, қорғаныш құралдарын тағуға тура келді. Өйткені алдымен төбе боп үйілген күкірт аумағына беттедік. Мұнда күніне 1500 тонна күкірт қышқылы өндіріледі.


СӘБИТ ДАУЫЛБАЕВ – «СКЗ-U» ЖШС КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Күкірт бізге Атырау өңірінен түйіршіктелген күйде жеткізіледі. Кислота өнімін біз Хорасан 1, Хорасан 2 уран өндіруші мекемелерге жібереміз.Одан кейін воган арқылы Шиелі өңіріне де жіберіледі. +Күкірт қышқылы уран өндірудің негізгі компаненті болып саналады. Сол үшін Қызылорда облысындағы урановый мекеме, кен орындарына күкіртті беру арқылы, жақын орналасқандықтан инновациялық проект болып саналады. 


 Зауытта күкіртті балқыту, жағу пештерінің жұмысы арнайы орталықта бақыланады. Барлық процесс автоматтандырылған. 


 БАҒЛАН ҚАЛБЕРГЕНОВ – «СКЗ-U» ЖШС КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЦЕХ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бұл жер бізде ЦПУ деп аталады. Центральный пульт управление. Болып жатқан процестер барлығы осы жерде басқарылады. Автоматтандырылған зауыт. Өздеріңіз көрген күкірт конвейрге салынып, еру процесі көрсетіліп тұр мына жерде. Еріген сераның сүзгіден өтіп, хранилищеге жиналғаны көрініп тұр.



 Зауытта арнайы сынақ зертханасы да бар. Мұнда күкіртпен қатар дайын өнім күкірт қышқылына да толық талдау жасалады. Яғни өнімнің стандартқа сәйкес, сапалы болуы қатаң қадағаланады.


 ЖАДЫРА СҮЛЕЙМЕНОВА – «СКЗ-U» ЖШС СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

 Күкірт қышқылы дайын өнім болып саналады. Оның құрамындағы монгридад конценрациясы, темір, күлдің қалдығын тексереміз. Зауыттың технологиясы жақсы жүріп тұруы үшін газовый анализ деген бар, газға да толық анализ асалады. 


 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ 

 Мұнда күкірт қышқылы осы 4 қоймада сақталады. Дайын өнім тұтынушыға 3 түрлі тәсілмен жіберіледі. Жалпы түйіршіктелген Күкірт 130 градуста балқытылып, пешке сұйық түрде 1000-1100 градуста жағылады. Ал мына конвертерде тотығу реакциясы жүреді. Одан кейін абсорциялау бағанасында күкірт қышқылы пайда болады. 


Зауытта күкірт қышқылынан бөлек, электр қуаты да өндіріледі. Өндіріс орнындағы электр энергиясы бүкіл зауытты қамтамасыз етумен қатар облысқа да беріледі.


 СҮЙІНБАЙ ӨСКЕНБАЙ – «СКЗ-U» ЖШС ЭНЕРГОКЕШЕН БӨЛІМІНІҢ МАШИНИСІ

 Мен осы Қазатоөнеркәсіп компаниясына еншілесТОО Скз-U мекемесінің энергокешен бөліміндегі трубина қондырғысының машинисі болып қызмет атқарамын. Мен осы мекемеде қызмет атқарынма он жыл болды. Турбина қондырғымыздың франциялық қондырғы болып саналады. Жоғары технологиыляқ, автоматтандырылған үздік қондырғы болы саналады. Қондырғымыздың толық қуаттылығы 18,5 мват. Шығарып отырған электр эернгиясының қуаттылығы 4,5 мват сағатына. 


 Өндірістік аймақ болғаннан кейін зауыттың экологияға әсері қандай деген сұрақ туындауы да заңды. Зауыт өкілінің айтуынша, мұндағы жағдай бақылауда, яғни уақытылы зерттеу, мониторинг жұмысы жүргізіліп тұрады. 


ДАИЫРБЕК АБДЕШОВ – «СКЗ-U» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ 

 Экологиялық сұрақ ең бірінші орында. Квартал сайын мамандар келіп, ауа, суды тексереді. Осы кезге дейін норма бойынша заңбұзушылық болған жоқ. 


 Зауытта еңбек адамдарының қауіпсіздігі бірінші орында. Мамандар жұмысқа кіріспес бұрын және шығарда міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді екен. Айта кету керек, медциналық пункт 24 сағат жұмыс істейді. Жалпы 276 қызметкер еңбек етеді.


АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ Жұмысшыларға арналған бұл қалашық 2012 жылы пайдалануға берілген. Мұнда қызметкерлердің жаттығу жасап, бос уақытында дене шынықтыруға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ спорт ойындарына арналған арнайы алаңдар бар. Жалпы қалашықта 120 қызметкерге арналған 20 үй бар. Ал спорт кешені былтыр ғана пайдалануға беріліпті.


 Өнеркәсіп – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Бүгінде зауыт қызметкерлерінің 83 пайызы қызылордалық азаматтар. Сондай-ақ өндіріс орны аймақтағы әлеуметтік нысандардың салынуына да қолдау көрсетіп келеді. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар