Негізгі Жаңалықтар Су мәселесі. Жерснаряд. Пилотты жоба

Су мәселесі. Жерснаряд. Пилотты жоба

#qyzylordatv 

Биыл «Қазсушар» кәсіпорнының техникалық паркі 7 жерснарядпен толығады. Оның біреуі Қызылорда облысына тиесілі болмақ.  


Су мәселесі біздің өңір үшін өзектілігін жоймайды. Оның бір айқын дәлелі - облыс бойынша биыл күріш көлемі өткен жылға қарағанда 10 мың 900 гектарға аз егілді. Енді бұдан артық күріш көлемі көбеймесі анық.Биыл облысқа 3,2 млрд текше метр су бөлінді, бұл көп емес, осыны ескере алдағы уақытта су лимитін көтеру туралы ұсыныспен шығып отырмыз, - дейді сала мамандары


Тапшылық бар жерде үнемдеуге бет бұрылады. Осыны ескере, бүгінде шаруашылықтарға су беру автоматтандырылған есепке алу құралы арқылы жүзеге асуда. Пилоттық режимдегі бұл жүйе судың әрбір текше метрін қадағалауда ұстайды. 


Осыған дейін өзге өңірлерден уақытша алып келген жерснаряд құрылғысы енді басыбайлы өзіміздің өңірге тиесілі болады. Санаулы күндер ішінде аймаққа жаңа жерснаряд келеді. Оның пайдасы айтпаса да түсінікті, каналдар мен дарияның табаны жиналған құм, лайдан тазарып, судың жүруі жақсарады.  


 Әр өңірдің өзіндік ерекшелігі бар, біздің аймақ үшін басты уайым – су, көптің көкейіндегі тілек те сол «судан тапшылық көрмесек екен» деген. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар