Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда
#qyzylordatv #заңментәртіп
Қалалық прокуратура мен полиция басқармасы демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Құқық қорғау өкілдері түнгі клубтар мен кафелерді, ойын-сауық орталықтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейдтік іс-шара кезінде тамақтану орындарында кальян шеккен азаматтар анықталды. Заң талаптарын бұзған тұрғындарға хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Рейд барысында түнгі сағат 21:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатқан және рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталды. Айта кету керек, қалалық прокуратура жыл басынан бері заңсыз айналымнан 5 тоннаға жуық алкоголь өнімін тәркіледі.
ЕРЛАН АЛМАЗҰЛЫ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫ
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы, «Қызылорда – қауіпсіз қала» жол картасы, сондай-ақ «Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Нәтижесімен, алкоголь өнімін өткізудің талаптарын бұзу бойынша 67 әкімшілік хаттама, тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу бойынша 94 әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, 57 дүкеннің алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған лицензиялары 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге тоқтатылып, 11 дүкен тиісті лицензияларынан айырылып, 7 көңіл көтеру орны өз қызметін тоқтатты