Негізгі Жаңалықтар Солтүстік Аралға бір жылға жетпей 1,2 млрд текше метр су жіберілді

Солтүстік Аралға бір жылға жетпей 1,2 млрд текше метр су жіберілді

#qyzylordatv 

Елімізде Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы айларда теңізге түсетін су көлемі тұрақталды. Былтырғы қазан айынан бастап Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,2 млрд текше метр су жіберілді.



 Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 14 текше метр су түсіп жатыр. Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су жіберу көлемін біртіндеп секундына 100-150 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метрге жеткен.

Атап өту керек, Солтүстік Аралды сақтау мақсатында министрлік бірқатар жобаны іске асыруда. Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен өзара іс-қимыл да күшейтіліп жатыр. Мәселен, былтыр Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар