Негізгі Жаңалықтар Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты

#qyzylordatv 

Бүгін орталық сайлау комиссиясының төрағасы «Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясы», «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы» және «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» миссияларының өкілдерімен кездесіп, сайлауға дайындық барысын талқылады.


 Кездесулерде дауыс беру тәртібі, сайлау процесінің ашықтығы және халықаралық байқаушылардың жұмысы сөз болды. Алдағы саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Оның ішінде 617 байқаушы 13 халықаралық ұйымның атынан келген. Шетелдік мамандар Қазақстандағы сайлауда заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуына ерекше назар аударды.


ОСМАН МЕСТЕН – ТҮРКПА МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

  Бұл сайлауда жасанды интеллект пен басқа да технологиялық құралдардың барынша жоғары деңгейде қолданылып отырғанына куә болдық. Біз де Қазақстанның тәжірибесінен үлгі алғымыз келеді. Жалпы ТҮРКПА делегациясы ретінде осындай тарихи сайлауға бақылаушы болу – үлкен мәртебе әрі қуаныш. Түркі әлемі үшін түркі мемлекеттеріндегі барлық оң өзгерістер бізді қуантады. Орталық Азия елдеріндегі кез келген жетістік – бүкіл түркі әлемінің жетістігі

Бөлісу

Аймақтық телеарналар