Пикаптар жол бойында техникалық көмек көрсетеді
#qyzylordatv
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізушілерге техникалық көмек көрсететін жаңа сервис іске қосылды, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. Арнайы қызғылт сары пикаптар Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында пилоттық режимде жұмысын бастады.
Жүргізуші көмек қажет болған жағдайда 1403 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қандай мәселе туындағанын және орналасқан жерін баяндайды. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтініш қабылданғаннан кейін оқиға орнына техникалық қызмет экипажы жіберіледі. Пилоттық жоба жаңа қызметке деген сұранысты, экипаждардың әрекет ету уақытын және жүргізушілер жиі кездесетін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Жинақталған тәжірибе республикалық автожолдардағы техникалық көмек жүйесін одан әрі дамыту кезінде ескеріледі.