Негізгі Жаңалықтар Сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы тексерілді

Сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы тексерілді

#qyzylordatv #заңментәртіп 

Қалалық прокуратураның бастамасымен «Айқын нәтиже» жобасы аясында пробация есебінде тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен жайын тексеру бойынша рейдтік шара жүріп жатыр. 


 Құқық қорғау қызметкерлері пробация есебінде тұрған азаматтардың үйлеріне барып, қайталама қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, есепте тұрған азаматтардың және сотталғандарды әлеуметтендіру бағыттары бойынша қандай көмекке мұқтаж екенін сұрап білді. Мақсат - құқықтық, медициналық және жұмыспен қамту бағытында көмек көрсету.

 Рейд барысында жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, сотталғандарға жәрдемдесу тапсырылды. Айта кетейік, есепте тұрған азаматтар арасында алдағы уақытта мәдени-спорттық іс-шаралар мен қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріне экскурсия ұйымдастырылады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар