Негізгі Жаңалықтар Мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

#qyzylordatv 

Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды. Заң бұзушылықты патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған «Opel Vectra» маркалы автокөлігін тоқтату кезінде анықтаған.


 Полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтау кезінде оның алкогольдік ішімдік ішкенін байқапты. 58 жастағы жүргізушінің наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталып отыр. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Еске салайық, өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Осы ретте тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар