Негізгі Жаңалықтар Өңірде 63 қауіпті учаске анықталған

Өңірде 63 қауіпті учаске анықталған

#qyzylordatv 

Жыл басынан бері өңірде 20 адам суға кетіп қайтыс болған. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың 8-і бала. Мамандар суға түсу маусымы басталғалы тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп келеді.Алайда бұл жұмыстар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тосқауыл болмай тұр. 


Кезекті рейд жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің мамандармен бірге «Қызыл Ай» қоғамының еріктілері, қалалық әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Ортақ мақсат - қала аумағындағы су айдындарында тұрғындарға түсіндірме жүргізу. Рейд барысында көпшілікке белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны жөнінде үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырудың да соңы қайғылы жағдайға ұласатын деректер жиілеген. Сондықтан балаларды бақылаудан шығармау қажеттігі жөнінде баса айтылды. Жалпы облыс көлемінде шомылу үшін жабдықталмаған 63 қауіпті учаске анықталып отыр. Мамандар мұндай орындарға ескерту тақтайшаларын орнатып, тиісті түсіндірме жүргізді. 


 ЖАНДОС ДОСЫМОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Жыл басынан бері 20 адам суға кетті. Оның 8-і бала. Су айдындарындағы адам өмірінің негізгі себептері ол балық аулау кезіндегі абайсыздық, қарапайым талаптарды сақтамау. Сонымен қатар су айдындарында кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау және балалардың ата-аналарынсыз қарауы салдарынан болып отыр. Департаменттің бұйрығына сәйкес облыс аумағында су айдындарында кешкі 20.00 ге дейін рейдтік жұмыстар жүргізілуде. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар