Негізгі Жаңалықтар Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

#qyzylordatv 

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі». Осындай атаумен кәсіпкерлер арасында облыстық байқау өтті. Сайысқа қала мен аудандардан 15-ке жуық үміткер қатысты. Жарнамалық мәтіндерде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды көздеген шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйытқы болды.


 Байқаудың басты мақсаты – кәсіпкерлік нысандардағы хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері мен ас мәзірлерінің тіл заңдылығына сай сауатты жазылуын насихаттау. Сондай-ақ ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, талаптарды жөнімен орындап жүрген бизнес өкілдерін ынталандыру. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Әділет» кәсіпкерлік нысаны иеленсе, ІІ орын Арал ауданынан келген қатысушыға бұйырды. Ал үздік шыққан «Қазалы өндірістік цехы» І орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек, «Бауырдақ» және «Маракеш» отбасылық мейрамханаларына ынталандыру сыйлықтары табысталды. Енді облыстық кезеңде жеңімпаз атанған ұжым республикалық додада аймақ намысын қорғайды.


РУСЛАН БӨЛЕКБАЕВ - БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ 

 Қазіргі таңда хайп қуған жастар көп ғой. Ресторан атауын ағылшынша атау мен қазақша атауды байланыстырып қояды. Ол жақсы көрінсін, есте сақталсын деген ниет шығар. Сонда да, қанша жерден әлеуметтік желіден болсын, сондайлардан ұрандата берсем, одан қатты бір өзгеріс жоқ деп ойлаймыз. Жалпы, нарықты болсын, өзге мемлекеттерді болсын, өзіміздің таза қазақ тілінде ақпараттап, өндіріп жатқан өнімдеріміздің атауын таза қазақша қойып, қазақша жазылып, осылай жалғаса берсе бұл жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз. Біздің басты бағытымыз да, мақсатымыз да осы. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар