Негізгі Жаңалықтар Қызылордада жасалған мектеп формалары жеңілдікпен нарыққа шықты

Қызылордада жасалған мектеп формалары жеңілдікпен нарыққа шықты

#qyzylordatv 

Облыс орталығында мектеп формасы жеңілдікпен сатылымға шықты. Жәрмеңкедегі жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің барлығы Қызылордада жасалған. 


 Мектеп формаларының жәрмеңкесі «Қорқыт ата» сауда үйінің маңында ұйымдастырылып жатыр. Тамыздың 10-нан басталған шара осы айдың соңына дейін жалғасады.


ЖАНАР БЕРДЕНОВА – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Негізгі мақсатымыз – осы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және халықты сапалы, арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз ету. Жәрмеңке аясында «Ақжүрек» мүгедектер қоғамы және Қызылорда қаласында жұмыс жасайтын жеңіл өнеркәсіп саласындағы «Ас-Ка» ЖШС және басқа да кәсіпорындар мектеп формаларын қала тұрғындарына ұсынып жатыр. 


 Кәсіп иелерінің айтуынша, жәрмеңкедегі өнімдер нарықтағы бағадан төмен. Айталық, бастауыш сынып оқушысына арналған жейде мен юбка 1500 теңгеден, костюм шалбар 10 мың теңгеден басталады. 


МАРЖАН ЯШУКУРОВА – «АС-КА» ЖШС ӨНДІРІС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бізде маталары сапалы, турецкий матадан өндіреміз. Конкуренттерімізге қарағанда баға өте тиімді. Қазір бізге көбіне көпбалалы аналар келіп жатыр. Бір үйден 2-3 бала келсе біреуін тегін киіндіріп береміз. Жилеткалар 5-3 мың аралығында, жейделер 1500-3500 аралығында. Нулевой мен 1 сынып оқушыларына юбка 1500 теңгеден басталады. Ортаңғы сыныптарға 4-5 мың теңгеден шығады.


Жәрмеңкеге бастауыш және жоғары снып оқушыларының киім түрлері қойылған, сондай-ақ ата-аналар тігін шеберханасына барып арнайы тіктірсе де болады. Айта кетейік, іс-шара Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жол картасы және республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылып жатыр.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар