Негізгі Жаңалықтар Несиесі кешіріліген азаматтар салықтан босатылуы мүмкін

Несиесі кешіріліген азаматтар салықтан босатылуы мүмкін

#qyzylordatv 

Қазақстанда алаяқтардан зардап шеккен және несиесін төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтарды қосымша салықтан босату ұсынылды. Егер банк олардың қарызын есептен шығарса, азаматтар сол сомадан жеке табыс салығын төлемеуі мүмкін. Бұл мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе отырысында қаралды.


 Қазір банк несиені кешірсе немесе есептен шығарса, қарыз сомасы азаматтың табысы ретінде есептеледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы осы салықты алып тастауды ұсынды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеңілдік барлық қарыз алушыға бірдей берілмеуі керек екенін айтты. Оның сөзінше, салықтан босату алаяқтық жағдайда және адамның өзіне байланысты емес себептермен несиесін төлей алмай қалған жағдайларға қатысты болуы тиіс. Мұндай жағдайларға мүгедектік, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, мүлік пен табыстың болмауы сияқты себептерді енгізу ұсынылып отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар