Қазақстандықтардың депозиттері алғаш рет 30 триллион теңгеден асты
#qyzylordatv
Қазақстандықтардың банктегі депозиттері алғаш рет 30 триллион теңгеден асты.
Тек 2026 жылдың екінші тоқсанында салымдар 1,9 триллион теңгеге, яғни 7%-ға өскен. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. Талдаушылардың мәліметінше, бір жыл ішінде депозиттердің жалпы көлемі 4,6 триллион теңгеге, яғни 18,3%-ға артқан. Депозиттің 96%-ы ұлттық валюта, Ал шетелдік валютамен жинақталған депозиттердің үлесі алғаш рет 20%-дан төмендеп, 19,8%-ды құрады. Салыстырмалы түрде, 2015 жылы қазақстандықтар банк салымдарының шамамен 80%-ын шетел валютасында ұстаған. Депозиттердің өсуіне банктердегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер де әсер етті. Кейбір банктерде депозиттердің табыстылығы 20–20,5%-ға дейін жеткен.