Президент тапсырмалары жүйелі іске асып жатыр
#qyzylordatv
Жол, мектеп, медициналық көмек және интернет. Шалғайдағы ауылдар үшін ең маңызды қажеттіліктің бірқатары осы. Президент тапсырып, үкімет іске асырып, сол әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым елді-мекендерге беріліп жатыр. Ұлттық жобалар аясында атқарылған жұмыстың ауқымын тілші шолып өтеді.
Ауыл үшін мектеп – тірек. Баласы көп ауылдың болашағы да баянды. Сондықтан, білім ордасын сақтап қалу немесе жаңасын салу негізгі міндет. Үш жыл ішінде елді мекендерде жаңа форматтағы 84 мектеп бой көтерді. Тұтас ел бойынша 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды.
Ауылдағы ағайын аздап сырқаттанып қалса, қалаға сабылмауы керек. Өз жерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары болғаны абзал. Сол мақсатта 655 нысанының құрылысы толық аяқталыпты. Бұл дегеніңіз, бір млнан аса адамның игілігіне жарайтын игі іс.
Тоқ – жоқ деген жағдай болмау керек. Тұтас ел бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жұмысы күшейген. 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделіп, 8 табиғи монополия субъектісін желілердің тозуы бойынша «қызыл аймақтан» шығаруға мүмкіндік берді.
Энергетика дегенде, көмір генерациясын дамыту да маңызды. Елімізде сегіз жаңа энергия көзін салу және қолданыстағы 11 энергия көзін жаңғырту қарастырылған. Тағы бір қажеттілдік – интернет. Былтыр спутниктік байланыс арқылы 362 ауыл интернетпен қамтамасыз етілді .Халық саны 250 адамнан асатын барлық ауылдар, яғни 3 807 ауыл 4G стандартына кезең-кезеңімен ауыстырылмақ. Қазірдің өзінде 566 ауыл 4G-ге ауысып үлгерген.