Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық
#qyzylordatv
Облыстық полиция департаменті жеке құрамының негізгі міндеттері мен техникалардың жай-күйі тексерілді. Гарнизондық жиын облыстық әкімшілік полиция басқармасының саптық алаңында өтті.
Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полицейлердің қызмет барысына әзірлігін департамент бастығы пысықтады. Серік Ергешов жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық талаптарын қатаң сақтауды, азаматтармен сыпайы әрі мұқият қарым-қатынас жасау керегін жіті түсіндірді. Тәртіп сақшылары өз кезегінде қызметтік әдеп нормаларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға сөз берді. Мұнан соң, республикалық маңызы бар автобанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін автокөліктердің жай-күйін бақылады. Жалпы, полиция департаментінің техникалық паркі жыл сайын жаңа көлікпен толығып келеді. Серік Ергешов қызметтік көліктерді түгел тексеріп, оң бағасын берді. Гарнизондық сап түзеуден кейін құқық қорғау органдарының мамандары күнделікті қызметтеріне кірісті.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ – ОПД ӘПБ БАСТЫҒЫ "Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі Заң үстемдігі. Заң және Тәртіп қағидатын қоғам өміріне берік орнықтыруда полиция органдарына жүктелер жауапкершілік ерекше. Полиция қызметінің тимділігі ең алдымен нақты нәтиже мен халықтың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақтылығымен бағаланады. Заң үстемдік еткен жерде тәртіп орнығып, тұрақтылық сақталады. Полиция осы жауапты міндетті абыроймен атқарып, өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш жігерін жұмылдыруда."