Қыраш ауылында күрес залы ашылды
#qyzylordatv
Жаңақорған ауданына қарасты Қыраш ауылында күрес залы ашылып, ел игілігіне берілді. Жаңа спорт нысаны жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл жастарының демеушілігімен салынып отыр.
Жаңақорған ауданында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, соңғы үш жылда 15 спорт нысаны салынып, пайдалануға берілген. Ал, қазіргі уақытта кентегі Саяжай мөлтек ауданында құны 650 миллион теңге болатын заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК, АУДАН ӘКІМІ
Амандық болса қазан айында ол спорт нысанын да пайдалануға береміз. Бүгінгі ашылып отқан күрес залы сол игі істердің жалғасы...
Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қаржы саласының үздігі Қалхазбек Әжібеков, жазушы, драматург Жолтай Әлмашов және бокстан КСРО спорт шебері Дәуітбек Жұматов қатысып, ел азаматтарының игі ісіне ризашылығын білдірді. Жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Қыраштық жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығы жоғары. Соның ішінде еркін күрестен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленуде. Ауыл балалары енді жаңа ғимаратта жаттығып, мұнан да биік жетістіктерге жетуге жұмыс жасаймыз,- дейді.
РИНАТ ҚУАНТАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
жаңа ғимаратқа көштік, жылуы жақсы. Суы бәрі кіріп тұр, балдар жаттығудан шыққан соң жуынады. ..
Нұрсаят Қойшыбай ауданның абыройын асқақтатып жүрген балуан. Жеті жылдан бері күреспен айналысып жүрген ол өз салмағында облыс чемпионы атанған. Аядай ғана ауылдан шыққан спортшы болашақта әлем чемпионы болуды армандайды.
Иә, болашақ чемпиондар ауылдан шығады. Сондықтан жалықпай жаттығу жасап, ерінбей еңбектену керек.