Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
#qyzylordatv
Мұғалімдерді қағазбастылықтан және пайдасыз тексерістерден босату керек. Педагогтердің аттестациядан өткізу талаптары да қайта қаралады. Қыркүйек қарсаңындағы дәстүрлі тамыз конференциясына қатысқан Мемлекет басшысы білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғады. Білім беру жүйесіндегі реформаларды асығыс жүргізбеу керектігін де ескертті. Әрбір өзгеріс алдын ала жан-жақты сараланып, тиімділігі дәлелденуі қажет деді. Кадр тапшылығы, оқулықтардың сапасы, жасанды интеллектіні енгізу сынды мәселелер де қаузалды. Жаңа оқу жылында мұғалімдерді қандай өзгерістер күтіп тұр? Жиында тағы қандай маңызды ұсыныстар айтылды?