165 мектеп асханасында санитарлық талап сақталмаған
#qyzylordatv
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес білім беру ұйымдарының асханаларына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында аймақтағы 165 мектеп асханасында санитариялық қағидалалар талаптарының бұзушылықтары анықталып отыр.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бюджеттен қаржыландырылатын 279 мектеп асханасын тексерген. Кемшілік ретінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы, желдету жүйесінің істен шығуы, ас үй жабдықтары мен ыдыстарының жеткіліксіз болуы, тоңазытқыш жабдықтарының ішінара істен шыққандығы анықталды.
Нәтижесінде 165 мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерге бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген. Ал 27 мектеп асханасының қызметіне тыйым салу түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылыпты. Үш нұсқаманың орындалмауына байланысты жауапты тұлғаларға хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотқа жолданған. «Қазіргі таңда кемшілікті қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда»,- деді департамент өкілдері.
АЛМАШ ШУАҚБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
165 мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерге бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Осының орындалуы бойынша тамыз айынынң 10-нан бастап жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп бүгінгі таңда орын алған бұзушылықтардың 90 пайызы санитарлық талапқа сәйкестендіріліп, жаңа оқу жылына балаларды қабылдауға, қауіпсіз тамақтану ұйымдастыруға дайын. 27 мектеп асханасының 21-і қорытынды алды. 4-і рұқсаттық бақылау жүргізілуде. Өтініштерін түсіріп қазіргі таңда қорытынды алуға жұмыс жасап жатыр//