Биыл электр желілерін жаңғыртуға 851 млрд теңге бөлінеді
#qyzylordatv
Елдегі әлеуметтік нысандардың барлығы дерлік жылыту маусымына дайын. Бірақ кешігіп жатқан аймақтар да бар. Премьер-министр әкімдерге қандай міндет жүктеді? Жылу, электр желілерін жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
14 тамызда Алматыда жарық жаппай неге өшті? Жағдай қайталанбас үшін министрлік не істемек? Үкімет отырысында Олжас Бектенов Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке осындай сауал қойды. Ведомство басшысы жүйеде қуат күрт артып, ақау шыққанын айтты. Жағдай ушыға түспеуі үшін электр энергиясы автоматты түрде ажыратылды. Жуырда іске қосылатын жаңа генерация нысандары енді мұндайға жол бермейді, деді Ерлан Ақкенженов.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ
Алматы қаласындағы ЖЭО 2, ЖЭО 3, ал Түркістан облысында қуаттылығы 1000 мегават жаңа қондырғы пайдалануға беріледі.
Апаттық жағдай «KEGOC» компаниясына тиесілі 500 киловольттық әуе электр желілерінде болған еді. Бүгінгі отырысқа компанияның басқарма төрағасы да келді. Ол оңтүстік өңірдің энергетикалық жүйесін күшейту жоспарда екенін және батыс аймақтар бірыңғай энергожүйеге қосылатынын айтты.
НӘБИ АЙТЖАНОВ, «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Алдағы күзгі-қысқы кезеңде оңтүстік аймақтағы ең көп тұтыну көлемі 5100 мегават деңгейінде болуы мүмкін. Бұл өткен кеезңнен 700 мега ватқа көп. Қуат тапшылығы «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзиті ағыны есебінен жабылады.