Негізгі Жаңалықтар 444 медицина қызметкерінің құқығы қорғалды

444 медицина қызметкерінің құқығы қорғалды

#qyzylordatv 

Байқоңырдағы көпбейінді ауруханада жұмыс істейтін 444 қызметкердің құқығы қорғалды. Олар наурыз айынан бері инфекциялық ауруларды анықтау үшін зертханалық тексеруді өз қаражаты есебінен жүргізіп келген. Поркурорлардың араласуымен, аурухананың ұжымдық шартындағы заң талаптарын қайта қарап, қайшы келетін нормалардың күші жойылды.


 РУСЛАН ӘНУАР – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ 

Еңбек кодексінің 185 бабының 1-ші тармағына сәйкес жұмыс беруші, ауыр жұмыстарды, зияды заттарды жұмыс берушінің тарапынан төленуі керек. Осы негізде прокуратура органдары қадағалау актісін енгізіп, нәтижесімен ұжымдық шартқа өзгеріс енгізілді. 444 қызметкердің құқығы қорғалды. Алдағы уақытта жұмыс берушінің тарапынан ақша төленетін болады жұмыс беруші тарапынан. Кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар