Негізгі Жаңалықтар ОСК Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

ОСК Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады

#qyzylordatv 

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын ресми түрде тіркеді. Яғни, бүгіннен бастап жаңа бірпалаталы заң шығару орган өкілдерінің өкілеттігі басталды. Бұл туралы комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Сонымен бірге, 23 тамызда өткен сайлауда жеңіске жеткен 5 партияның халық қалаулыларына депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстады. 


 Айта кетейік, осы уақытқа дейін саяси науқанды өткізуге жауапты орган елімізде алғаш рет өткен Құрылай депутаттары сайлауында 9 миллион 300 мыңнан астам азамат таңдау жасағанын айтқан еді. Дауыс беру нәтижесі бойынша 5 партия 5 пайыздың межені еңсерді. Сайлаушылар таңдауына қарай 145 депуттатық мандат былай бөлінді: «Әділет» партиясына - 110, «Ауыл» партиясына - 10, «Республика» партиясына - 9. «Ақ жол» партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 8 орыннан берілді. Барлық саяси Сайлау туралы заңға көрсетілген 30 пайыз квотаны артығымен орындады.


НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 145 адам деген үлкен күш. Еліміздегі үлкен заң шығарушы орган. Тарихымызда тұңғыш рет, алғаш рет болып жатқан оқиға. Бұл ел тарихында қала береді. Елімізді өркендетіп, даңғыл жолмен тек алға биікке қарай көтеретін сіздердің де үлестеріңіз болсын, деп шынайы тілегім келеді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар