Негізгі Жаңалықтар Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты

#qyzylordatv 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 трлн теңгеге көп. Оның негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары.  


 Нақтырақ айтсақ, 26 трлн теңгесі – міндетті, 10 млрд теңгесі – ерікті, ал 751 млрд-қа жуығы - кәсіптік, сондай-ақ, 1 млрд теңгеден астамы жұмыс беруші тарапынан аударылған жарна. Биыл таза инвестициялық табыс та артқан. Оның көлемі - 1 трлн 230 млрд теңгеге жетті. Айта кетейік, қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 18 миллионға жуық шот бар.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар