2029 жылға дейінгі цифрландыру жоспары бекітілді
#qyzylordatv
Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыружоспарын бекітті.
Жобаға сәйкес 2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ дағдыларын меңгереді.Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқарады. Денсаулық сақтау, көлік, энергетика, салық және ауыл шаруашылығы салалары цифрландырылады. Жоспардың жеке бағыты қалалық ортаның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырумен байланысты. 2028 жылға қарай екінші деңгейдегі банктердің кемінде 80%-ын ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Отандық IT өнімдерінің экспорты кемінде 50%-ға өседі. Жоспардың негізгі мақсаты — азаматтар, бизнес және мемлекет үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу.