Негізгі Жаңалықтар Тұз өндірісіндегі тынымсыз еңбек

Тұз өндірісіндегі тынымсыз еңбек

#qyzylordatv 

Елімізде тұз шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі – Ассоль тұз зауыты. 2016 жылы ашылған нысан бүгінде елімізді ғана емес, көршілес мемлекеттерді де өніммен қамтып отыр. Зауыт жұмысымен танысқан тілшіміз нысандағы еңбек адамдарымен де тілдескен болатын.


 «Ассоль» зауытындағы «ақ алтын» облыс орталығынан 180 шақырым қашықтықтағы Сарыбұлақ кен орнынан жеткізіледі. Алғашында сағатына 3 тонна өнім шығарылса, бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда ұлғайған. Қазір өндіріс орнында 3 зауыт үздіксіз жұмыс істеп тұр. Ал Олжас Бердібекұлы алып нысан алғаш ашылған уақыттан бері еңбек етіп келеді.


 ОЛЖАС ФАЗЫЛОВ – ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

 Өнімді карьерге төгеміз. Шикі өнім трактормен бункерге салынады..


Тұз атаулының мұнда түр-түрі бар. Йодталған, йодталмағанын, ұсағы мен ірісін де таба аласыз. Бүгінде зауытта тағамдық ас тұзымен қатар, техникалық тұз да шығарылады.


 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА 

Бұл дайын өнімдерді сақтайтын қойма. Зауытта сағатына 30 тонна тағамдық ас тұзы өндіріліп, өнім 7 мемлекетке жөнелтіледі. Сондай-ақ техникалық тұз да экспортқа жіберіледі.


ОЛЖАС ФАЗЫЛОВ – ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

 Бұл жерде қаншама еңбек бар. Өніміміз дайын болғанда халыққа жеткіземіз. Халық оны тамақ ретінде пайдаланады. Өндірістік салада да пайдаланады оны. Өзің өндірген өніміңді көргенде қуанышты сезімде боласың.


 Өндіріс орнында 170 адам қызмет атқарады. Тұзды тазарту, кептіру, қаптау қызметін арнайы құрылғы атқарғанымен, техниканың тілін тауып, жүйені толықтай бақылау кәсіби мамандардың жауапкершілігінде. Олжас Фазылов зауытта еңбек еткен 10 жылдан бергі уақыт ішінде техниканың тілін тап басып танитын маманға айналды. Жұмысқа келе сала станоктардың жұмысын қарап, жылдамдығын қадағалау күнделікті міндеті.


 ОЛЖАС ФАЗЫЛОВ – ЗАУЫТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

 Бала кезде өндірістік салаларда, халыққа пайда тиетін салада жұмыс істесем деп арманададым. 2007 жылы агроколледжде электрик мамандығын бітіріп шықтым. Содан кейін май құю бекетінде оператор болдым. Әскерден барып, одан келгесін тұз зауытына жұмысқа орналастым.


 «Біз шығарған өнім әрбір үйдің дастарханынан табылатын ас. Сондықтан оның таза әрі сапалы болуы аса маңызды» дейді, Олжас Бердібекұлы. Сондықтан тұз сапасын тексеруге арналған зерттеу жұмысы уақытынан кешіккен емес. Айта кету керек, біздің кейіпкеріміздің жұбайы да осы саланың маманы, бүгінде зауыт зертханасында жұмыс атқарады.


 Өндірістің қарқыны сырт көзге бір ғана процестен тұратындай көрінуі мүмкін. Алайда оның артында жауапкершілік және кәсіби шеберлік бар. Ал осы істің бел ортасында жүрген мамандар саланың дамуына өз үлесін қосып келеді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар