Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

#qyzylordatv 

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға жазылғандардың арыз-шағымына құлақ асқан аймақ басшысы бірқатар мәселенің оң шешім табуына ықпал етті.


Қабылдауға қаланың 6 тұрғыны келді. Олар әлеуметтік көмек, денсаулық жағдайы және баспана, жер мәселесіне қатысты сауалдар көтерді. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аймақ басшысы тұрғын үй мәселесі заң аясында, кезектілік реттілігімен ғана шешілетінін ашық айтты. Есесіне уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілмек. Ал, денсаулық сақтау және өзге де жекелеген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Мәселен қала тұрғыны Шарагүл Қаржаубаева баласын екінші топ мүгедектіктен бірінші топқа ауыстыру жайын көтерген еді. Аталмыш мәселе мамандардың сүйемелдеуімен заң аясында шешілетін болды. 


ШАРАГҮЛ ҚАРЖАУБАЕВА – ЗЕЙНЕТКЕР  

 Мен тек жүргізуге жұмыс жасадым, бұл жүрмейтін еді. Жүргенде де қазір шайқатылып жүреді. Бір аяғы қысқа. Енді 21 жасқа келеді, әлі сан танымайды. Есіктің сыртына да менсіз шықпайды... 



МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ  

Мүгедектікке ауыстырудың өзінің ережелері бар. Ауыр науқастардың өзінің тізімі бар. Сәйкестігі болса, содан кейін ғана ауыстырады. Себебі, әр топтың мемлекет тарапынан берілетін көмектері бар. Сол көмектерді заң аясында алу бойынша бөледі


Бөлісу

Аймақтық телеарналар