Негізгі Жаңалықтар Банкроттық рәсімдерді жүргізу мәселесі қаралды

Банкроттық рәсімдерді жүргізу мәселесі қаралды

#qyzylordatv 

Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке тұлғаларды соттан тыс банкрот деп тану бойынша семинар өтті. Жиында салық саласының мамандары заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қатысты банкрот рәсімдері қалай жүргізіледі, процесс кезінде қандай кемшіліктер орын алып отыр деген сауалдарға жауап берді. 


 Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жеке тұлғаларды соттан тыс банкрот деп тану шаралары елімізде 2023 жылдан бері жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер басқармасына бүгінгі күнге дейін 15 мыңнан астам тұрғын өтініш берсе, соның ішінде 3 мыңға жуық тұлға банкрот деп танылды. Ал, жыл басынан бері 4674 өтініш қабылданса, оның 1315-і қанағаттандырылған. Семинарда заңды және жеке тұлғаларға қатысты банкрот рәсімдері қалай жүргізілетіндігі туралы жан жақты ақпарат берілді. 


ЖАҢБЫРБАЙ ТАБЫНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жеке тұлғалар соттан тыс банкроттық рәсімге өтініш беруге қойылатын негізгі үш талап бар. Көрсеткіш мөлшерінен ағымдағы жыл үшін 6 920 000 теңгеден аспайтын болуы тиіс. Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы, барлық кредиторлар алдындағы берешектің арыз берілген күнге өтелмеген мерзімі 12 айдан кем болмауы керек. Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі арыз берілген күнге бес жылдан асса, жоғарыда көрсетілген талаптарға қарамастан, борышкер арыз беруге құқылы болады//

Бөлісу

Аймақтық телеарналар