«Қайсар» қарсыласына есе жіберді
#qyzylordatv
Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында қызылордалық «Қайсар» қостанайлық «Тобылдан» сырт алаңда 2:3 есебімен жеңілді. Дала қасқырлары сапынан шабуылшы Алияр Мұхаммедтің қос голы «Қайсарға» жеңіс әкелмеді.
Бірінші таймның ортасында-ақ алаң иелері екі доп айырмашылығымен алға шықты. Есепті «Тобылдың» беларусьтік қорғаушысы Максим Мякиш ашты, содан кейін қазақстандық қорғаушы Александр Марочкин басымдықты еселеді. Екі голға да ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ассистенттік пас берді. Мұнан соң Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхаммед дубль жасап, есепті теңестірді. Алайда «Тобылға» жеңісті сербиялық шабуылшы Урош Милованович әкелді, ол «Қайсардың» қақпасына үшінші голды соқты. Осы ойыннан кейін қостанайлықтар 28 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр. «Қайсар» 20 ұпаймен 13-сатыда.