Негізгі Жаңалықтар Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді

Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді

#qyzylordatv 

Мектепке сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ форма талаптарын сақтамаған оқушылар мен мектепке боянып барғандардың ата-аналарына жаза қарастырылған. Биылдан бастап оқу бағдарламасына бірнеше жаңа міндетті пәндер қосылды. Жаңа оқу жылына дайындықты пысықтаған Оқу-ағарту министрлігі әлімжеттілікпен күресті де күшейтетінін айтты. 


Макияжға тыйым. Енді мектепке боянып баруға болмайды. Ережені елемеген оқушыларға нақты бір жаза немесе айыппұл қарастырылмаған. Дегенмен, шара қолданамыз деген мектеп басшыларына тұсау жоқ. 


  ШЫНАР АҚПАРОВА – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

  Барлығымызға белгілі, макияж – бұл теріге зиян, ал оқушы жастайынан боянса, денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан макияжға тыйым салу жағын білім ошағының басшылары мен ата-аналар шешеді. Әр мектептің өзінің ережелері болатынын естен шығармайық. Ал мектеп формасына келсек, талапты сақтамаған оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалады, қайталанса, айыппұл салынады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар