Негізгі Жаңалықтар 1600 жуық тұрғынның бұзылған құқығы қалпына келтірілді

1600 жуық тұрғынның бұзылған құқығы қалпына келтірілді

#qyzylordatv 

Шиелі ауданы тұрғынының құқығы қорғалды. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі жеке кәсіпкердің «Эскизді келісуден өткізу» кезінде өтінішін орындаудан негізсіз бас тартқан. Осыған байланысты облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтады.


Департамент жұмысының басты міндеттерінің бірі – қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Осы мақсатта жыл басынан бері қызмет алушылардан келіп түскен шағымдардың негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 1600-ге жуық азаматтың өтініші қанағаттандырылған. 


ӘМІРЖАН СӘКЕН – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ 

 Яғни тексеру барысында қызмет алушының гео ақпараттық партал арқылы бөлімге бірнеше мәрте өтініш бергені анықталды. Бірінші өтінішінде ол кісінің объектінің мекен-жайын дұрыс көрсетілмеуіне байланысты бастартылған. Қызмет алушы оны жөндеп екінші өтініш жолдаған кезде сәулет жоспарлау тапсырмасының алмағандығы жөнінде бастарту берілген. Осылайша заң талаптары сақталмай негізссіз бастартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда департаменттің ұсыну нәітижесінде қызмет алушының өтініштері толық қанағаттандырылды. Оң қортындысын алды, бұзылған құқықтары қалпына келтірліді. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар